Елімізде тағы бір мәрте төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін бе - министр жауабы
Ақорда
Денсаулық сақтау министрі карантиндік шаралардың күшейтілуі мүмкін екенін айтты.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус тағы кеңінен бой көтерсе, Қазақстанда екінші рет төтенше жағдай режимі жариялану ықтималдылығын жоққа шығармайды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Егер жағдай талап етсе, солай болады. Бірақ біз Қазақстандағы індетке байланысты тұрақты жағдайды сақтап қаламыз деп үміттенеміз, - деді Цой брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына берген жауабында.
Ол мамандандырылған қызметтердің жұмысының, сол секілді маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, үлкен іс-шаралар өткізбеу туралы талапқа жауапкершілікпен қараушыларды арқасында күзгі-қысқы кезеңнен карантинсіз шығуға мүмкіндік бар екенін де айта кетті.
- Бірақ егер азаматтар бетперде тақпаса, адамдар көп жиналатын жерге барса және инфекция адамнан адамға жұғуына жағдай жасаса, әрине карантиндік шаралар күшейтіле береді, деп атап өтті министр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript