Қазақстанда коронавирусқа байланысты карантин енгізілуі мүмкін бе
Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 26 қыркүйекте үкіметте өткен баспасөз мәслихатында елде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Бұған қоса министр "Карантин енгізілуі мүмкін бе?" сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемнің 20-дан астам елі коронавирус жұқтырғандар саны артқанын хабарлады. Бірақ Қазақстанда, Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, ауру көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 30 есеге жуық төмендеген. Сондықтан карантин қажет емес, жағдай бақылауда.
"Бүгінде шағымдармен келіп, ауруханаларда емделіп жатқан науқастар бар. Жұқпалы аурулар ауруханаларының толтырылу көрсеткіші небәрі 2%. Ел бойынша вакциналар бар, 200 мыңнан астам вакцина (Комирнати,Файзер,Синофарм) дозасы бар. Эпидемиологиялық жағдай жақсы болғандықтан, шектеу шаралары жоспарланып отырған жоқ", – деді Ажар Ғиният.
Тамыз айында ДДҰ әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны өскенін хабарлады. Ұйым COVID-19 әлі де қауіпті екенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript