Қазақстанда "омикрон" штаммы анықталса, қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін

Алексей Цой, "омикрон" штамм, QazVak, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 14:02 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда "омикрон" штаммы анықталатын болса, жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл вирустың таралуына байланысты. Егер вирус кеңінен таралып, сырқат ауыр өтетін болса, онда, әрине, қосымша шектеулер болады. Ең бастысы – ПТР-сынаманың "омикрон" штамды көрсетуі. Емдеу тәсілі бірдей деуге болады. Бүгінде "омикрон" штаммы анықталған елдерде басқа штаммдарды емдеу үлгісі қолданылып жатыр. Сондықтан жүйе дайын.Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың бұл штаммын жан-жақты зерттеп жатқанын, қазірше нақтыланған мәлімет жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының QazVac-ты неге ұзақ уақыт бойы мақұлдамай отырғанына тоқталып өтті.

Министрдің айтуынша, вакцинаны мойындау шарасының өзі ұзақ мерзімге созылады екен.

Бұрын ДДСҰ вакциналарды мақұлдаған елдерде тез мойындалады, яғни ол жақта жүйе бір қалыпқа келтірілген. Ал Қазақстанда біз мұндай аккредиттеуді алғаш рет өткізіп отырмызДенсаулық сақтау министрі

Ол аккредитация зертхананы, өндірістік базаны аккредиттеу, құжаттарды бір қалыпқа келтіру сынды көптеген жағдайларға тәуелді екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: