Жаңалықтар тізбегі
0

Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы зауыттың қызметкерлерімен кездесті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2021 15:53 Сурет: zakon.kz
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапарымен барып,  иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытта және бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария қазіргі ахуал мен вакциналарды өндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Облыс әкімі зауыттағы өндірістік цехтың құрылысымен де танысты.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан соң Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде институт қызметкерлерімен кездесті.

Биыл еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Үш  онжылдықта мемлекетіміз үлкен жетістіктерге жете білді. 60 жылдан астам тарихы бар биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты үшін бұл жылдар айрықша маңызды кезең ретінде есте қалды. Сіздердің  қажырлы еңбектеріңіздің арқасында бүкіл әлемге біздің ғалымдарымыздың ғылыми әзірлемелері шетелдіктерден кем түспейтінін дәлелдедік. Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин облысқа жұмыс сапарлары барысында да атап өтті. Коронавирусқа қарсы күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға тағы да алғысымды білдіргім келеді.  Жергілікті  билік  ғалымдарға  қашанда жан-жақты қолдау көрсететін болады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Күнсұлу Закария қызметкерлер мемлекет қамқорлығын сезініп  отырғандығын  баса айтты.

Облыс әкімі алғашқы күннен бастап зауыт құрылысының барысын жеке өзі бақылап отырды, соның арқасында барлық проблемалық мәселелер жедел шешілді. Біздің ғалымдар үшін қысқа мерзімде тұрғын үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамыз.Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария

Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев институттың 11 қызметкеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілерін, «Халық алғысы» медальдарын, облыс әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан әкімінің міндетін атқарушы Бағдат Болатбековтың аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есебін тыңдады. Бердібек Сапарбаев даму қарқынын төмендетпей, жылды жақсы көрсеткіштермен қорытынылауды тапсырды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: