Тәліптер әйелдерге 72 шақырымнан асатын жерлерге жалғыз баруға тыйым салды

Тәліптер, тыйым салды, ауған әйелдері Сурет: pixabay
Тәліптер әйелдерге 72 шақырымнан асатын аумаққа ерлерсіз немесе жақын туысынсыз шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ауғанстанның ізгілікті насихаттау және келеңсіздіктердің алдын алу министрлігі көлік иелеріне ер адамсыз жүрген әйелдерді тасымалдауға болмайды деген нұсқау шығарған.

Орталық Азия жаңалықтары қызметі таратқан мәлімет бойынша, "Талибан" билігі оған қоса, такси және қоғамдық көлік жүргізушілеріне хиджабсыз жүрген әйелдерді мінгізбеуге және музыка қоспауға нұсқау берген.

Бұл жаңалықты 26 желтоқсанда "Талибан" үкіметінің өкілі Мохаммед Садық Ақыф растады.

Бұған дейін Ауғанстанның Газни провинциясындағы "Талибан" билігі әйелдерге ер адамсыз дәрігерге баруына тыйым салған еді. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Etilaatroz басылымы хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз