Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан корей кеспесінің импортына тыйым салды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2020 22:43 Сурет: zakon.kz
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тез дайындалатын кеспелерді әкелуге және сатуға тыйым салды.

ҚР Бас санитарлық дәрігері құрамында соя бар тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шараларды енгізді, деп хабарлайды zakon.kz Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының аумағына, Оңтүстік Кореялық өндірушілері Оттоги Рамен Ко, ЛТД, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-Ып, Пенгтэк-Си, кенги-До тез дайындалатын кеспелерін әкелуге және сатуға тыйым салу туралы қаулы шығарды.

Мәселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлардың сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің мамандары өнім қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде - "Джин Рамен" атауы бар тез дайындалатын кеспелер ассортиментінде, қаптамасында өндірушісі Оттоги Рамен Ко (Оңтүстік Корея) деп көрсетілген, генетикалық түрлендірілген соя желілерінің сандық құрамының артық екендігі анықталды (MON 89788 1,45% -дан 10,25% -ке дейін), норма бойынша 0,9% болуы керек.

Өндірушісі Оңтүстік Корея болып табылатын осы өнімнің тұтынушылық қаптамасында құрамында гендік түрлендірілген ингредиенттердің бар екендігі жөнінде ақпарат болмағанын айта кету керек.

"Тамақ өнімдеріндегі ГТО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9% - дан аспауы керек. Белгіленген талаптарға, оның ішінде Кодекс Алиментариус халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес құрамында 0,9% - дан астам ГТО бар тамақ өнімдері міндетті түрде таңбалануға жатады. Бұл өнім мониторинг жүргізу барысында анықталды. Өнім Алматы қаласының сауда объектілерінен сатып алынды: ЖК "Алманың" "Майбұлақ" дүкені және ЖК А.А. Калиеваның "Мила" дүкені. Бүгінгі күні бөлшек сауда желілерінде сәйкессіз өнімдерді анықтау және оларды сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізілуде".

Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне меншік нысанына қарамастан, жоғарыда көрсетілген өнімдерді әкелу және өткізу қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету тапсырылды.

Сондай-ақ, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу және Қазақстанның тұтыну нарығын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына хабарламалар жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: