Қазақстан автокөлік құралдарына арналған дизелді шығаруға тыйым салды
Wikimedia Commons
Тыйым мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік мүддесіне байланысты алты айға енгізілді.
ҚР Энергетика министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары - ҚР қаржы министрі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бірлесіп "Дизель отынын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралдарына арналған дизелді шығаруға алты айға тыйым салынды, - делінген құжатта.
Бұйрық "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" заңына сәйкес, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздік мүддесіне байланысты жарияланып отыр.
Аталған бұйрық ресми түрде жарияланғанан кейін он күннен соң жүзеге асырылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript