Жаңалықтар тізбегі
0

Ерекше қажеттілігі бар балаларға ҰБТ тапсыру жеңілдетіледі

Тест, ҰБТ-2022, ерекше қажеттілігі бар балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 13:08 Сурет: Zakon.kz
2022 жылы ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру жеңілдетіледі, сонымен қатар оларға тест тапсыруға қосымша уақыт беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың тапсырмасы бойынша Ұлттық тестілеу орталығы ерекше қажеттіліктері бар талапкерлердің ҰБТ-ны барынша қолайлы жағдайда тапсыруы үшін бірқатар шараларды қолға алмақ.

Мәселен, келесі жылы көру, есту және тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған талапкерлерге тестілеу тапсырмаларын орындауға негізгі 240 минуттан бөлек 40 минут қосымша беріледі. Яғни олар ҰБТ-ны басқа түлектерге қарағанда ұзағырақ тапсыра алады.

Осылайша, оларға 4 сағат 40 минут уақыт беріледі.

Біздің жұмысымыздағы ең басты бағдар – талапкерлердің мүддесі. Біз қазірдің өзінде жылына бірнеше рет ҰБТ өткіземіз және талапкерлердің, соның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлердің тестілеуден қолайлы өтуіне жағдай жасауды жалғастырудамыз. Олар үшін ҰБТ тапсыру уақыты тағы 40 минутқа ұзарады.ҚР  БЖҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев

Сонымен қатар, оның айтуынша, «ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына өзгерістер енгізіледі».

Олар үшін суретсіз, диаграммасыз және сызбаларсыз нұсқалар әзірленді. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бізге осындай тапсырма жүктеген болатын. Бұл өзгерістер олардың ҰБТ тапсыруын айтарлықтай жеңілдетеді.Руслан Емелбаев

Білім министрлігі атап өткендей, 2022 жылы ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тест тапсырушы» қағидаты бойынша өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: