Жаңалықтар тізбегі
0

700-ден астам талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

700-ден астам талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 16:03 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев биыл қанша адам ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылғанын және олардың алдағы уақытта не істейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Руслан Емелбаев биыл 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинағанын айтты. Бұл - тексерілгендердің жалпы санының шамамен 83%-ы.

"Министрлік жоғары оқу орындарына дарынды және білімді жастарды тартуға мүдделі. Сондықтан ҰБТ өткізу кезінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету біз үшін өзекті болып қала береді. Осы мақсатта "бір компьютер - екі камера - бір тестілеуші" қағидасы сақталған. Егер бұрын тестілеу барысы әр компьютердің үстінде орналасқан бір камера арқылы ғана бақыланса, енді тұлғаны анықтауға және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші алдыңғы камера орнатылды", - деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылы бірде-бір тұлға басқа адам атынан кіру оқиғасы тіркелмеген. 2021 жылы мұндай 18 жағдай, 2022 жылы бір жағдай анықталған.

"ҰБТ өткізу кезеңінде 402 адам смартфондарды және басқа да тыйым салынған заттарды алып келу әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 312 талапкер аудиториядан шығарылды, олардың да нәтижелері жойылды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

Барлық видео 2023 жылдың 31 қазанына дейін талданады. Талдау нәтижесінде тыйым салынған заттарды пайдалану анықталса, білім беру грантын тағайындау туралы шешімнің күші жойылғанға дейін тест нәтижелері жойылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: