Талдықорғанда өгей әке үш жыл бойы оқушы қызына тиісіп жүрген

Қорлау Сурет: pixabay
Талдықорғанда 12 жасар қызды өгей әкесі үш жыл бойы азғырып келген. Бұл туралы  криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz

Қорлық көрген қыз өзіне қол салмақшы болған.  Мамандардың араласуымен бұл іс шешімін тапты. Бірақ елімізде карантин және шектеу шаралары енгізілген кезеңде мұндай қылмыстар  саны едәуір артқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Талдықорғандық 12 жасар қызды анықтадық. Ол өгей әкесі тиісетінін жазған. Сейсенбіде ақпарат келді, сенбіде ол өзін өлтіремін деп қорқытты. Жұмыс барысында өгей қызын үш жыл бойы зорлап келген өгей әкені ұстадық. ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жеткіншекпен интимдік тақырыпта хат алмасқан  Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды.  Бұған қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.

Жыл басынан бері порнография, есірткі қылмыстары, онлайн казинолар қызметі, қаржы пирамидалары, басқа да алаяқтық схемалар, қатыгездік немесе суицид культін насихаттау, қару сату және т.б. қоса алғанда 7300 шетелдік интернет-ресурс анықталды. Олардың мәліметі Қазақстан аумағынан кіруге тыйым салу үшін ақпараттық жүйеге енгізілген. ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз