Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар желідегі алаяқтарға 13 млрд теңге берген

Қазақстандықтар желідегі алаяқтарға 13 млрд теңге берген, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 12:49 Сурет: Zakon.kz
30 қазанда өткен брифингте ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев жыл басынан бері желідегі алаяқтар қазақстандықтардың 13 миллиард теңгесін алдап әкеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рүстем Дүйсетаевтың айтуынша, Қазақстанда киберқылмыс, соның ішінде интернет пайдаланушыларға қатысты алаяқтық фактілері жиілеп кеткен.

"Жыл басынан бері интернет арқылы азаматтарды алдаумен байланысты 15,5 мың қылмыс тіркелді. Алаяқтардың әрекеті нәтижесінде азаматтарға 13 миллиард теңге шығын келген", - деді ІІМ өкілі.

Көбіне қылмыскерлер онлайн сауда арқылы азаматтарды алдайды. Осы жолмен 7 мыңға жуық алаяқтық жасалған. Таралуы бойынша екінші орында банктер мен микронесие ұйымдарының жалған онлайн несиелері тұр: жыл басынан бері мұндай 1600 факті тіркелген. Қазақстанның 1200 азаматы қаржы пирамидасының құрбаны болған.

"Алаяқтар ірілердің, соның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің және крипто биржаларының атынан жалған веб-сайттар жасау арқылы азаматтарды азғырады. Оның үстіне "менеджерлер" және "брокерлер" деп аталатындармен барлық байланыс онлайн, мессенджер арқылы жүзеге асады. Кей жағдайларда алаяқтар адам тарту үшін үлкен сомада болжамды дивидендтерге бірреттік төлем жасайды", - деп қосты Рүстем Дүйсетаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: