Бибісара Асаубаева рапид бойынша әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды
Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева рапид бойынша Польшада өткен әлем біріншілігінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бибісара Асаубаева жарыстың соңғы күні қазіргі ӘЧ көшбасшыларымен үш партия ойнады.
Халықаралық шебер атағына ие болған Бибісара алдымен өз отандасы Әсел Серікбайды жеңді, содан кейін Ресейден келген әлем чемпионы Александра Костенюкпен тең ойнады. Шешуші турда Грузиядан келген халықаралық гроссмейстер Нана Дзагнидзеден басым түсті.
Нәтижесінде 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 8,5 ұпай жинап, рапид бойынша 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Алтын медаль Александра Костенюкте, ал үшінші орында ресейлік шахматшы Валентина Гунина.
Әлем біріншілігінің үздік бестігіне тағы бір қазақстандық шахматшы Әсел Серікбай кірді (5 орын, 7,5 ұпай).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript