Бибісара Асаубаева екі дүркін әлем чемпионы болды

Бибісара Асаубаева екі дүркін әлем чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 18:15 Cурет: instagram/bibisarachess
Алматыда шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz
Бүгін, 30 желтоқсанда шахматтың блиц түрінен қорытынды тур айналымдары өтті. Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жеңіске жетіп, екінші рет әлем чемпионы атанды.

Қытайлық Тань Чжуньи мен Бибісара Асаубаеваның ұпайы бірдей (12 ұпайдан) болып тұрған. Қазақстан өкілі үндістандық Харика Даринавиланы жеңді. Ал қытайлық рапидтен әлем чемпионы үнді шахматшысы Хампи Конерден жеңіліп қалды. Осылайша, Бибісара Асаубаеваның чемпион болды.

Былтыр Бибісара Асаубаева Варшавада (Польша) өткен блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: