Нұрлан Нығматулин Мәжілістің 2021 жылғы жұмысын қорытындылады

Мәжіліс төрағасы, мәжіліс, парламент Сурет: Ж.Жұмабеков
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның 2021 жылғы соңғы жалпы отырысын өткізіп, қорытынды нәтижелерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Палата Төрағасы 30 жыл ішінде Парламент өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып, еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының заңнамалық тірегі болғанын атап өтті.

Біз қабылдаған әрбір құжат – ең алдымен, еліміздің экономикасын арттыруға, халықтың әлеуметтік жағдайын, соның ішінде, өнеркәсіп, денсаулық, білім салаларын  жақсартуға арналып келеді. Сонымен бірге,  шағын  және орта бизнес, экология мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Осының барлығы, Тұңғыш президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық тапсырмаларын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын сапалы заңдармен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.Нұрлан Нығматулин

Тағы ерекше айта кететін жағдай, Мәжіліс депутаттары осы сессияда «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы», «Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша» заң жобаларымен, сондай-ақ, «Өнеркәсіптік саясат туралы», «Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша» жобаларымен және «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы», «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері», «Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша», «Биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша» заң жобаларымен жұмыс істеді.

Тұтастай алғанда, депутаттар сессия басталған уақыттан бері 80 заң жобасын қарады, олардың 39-ы мақұлданып, Сенатқа жіберілді. 25 заңға Мемлекет басшысы қол қойды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, депутаттық корпус өз жұмысын белсенді атқарып, Үкімет сағаттары, комитеттердің көшпелі отырыстары және халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстел отырыстары өткізілді.

Отырысты қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы барлық фракциялардың, барлық депутаттардың бірлескен жұмысының арқасында, Парламент Мәжілісі ел басшылығының саясатын сапалы әрі тиімді заңнамалық қолдауды қамтамасыз ететінін, алдымызда әлі де көптеген маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

Біз келесі жылы да қалыптасқан тәжірибені, мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздегі реформаларды және өзгерістерді тиісті заңдармен қамтамасыз етеміз деп сенеміз.Нұрлан Нығматулин
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз