Қостанайда пойыз бен көлік соқтығысты

Пойыз, апат, көлік Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Қостанай облысында болған жол апатынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 29 желтоқсан күні сағат 10:00 шамасында "102" пультіне автоцон аумағындағы теміржол өткелінде пойыз бен Chevrolet автокөлігі соғылғаны туралы мәлімет түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көлік құралының жүргізушісі автоцон ауданындағы Карбышев көшесімен теміржол өткеліне шыққанда, Рудный қаласы бағытында теміржол бойымен келе жатқан Нұр-Сұлтан – Орал жолаушылар пойызымен соғылған.Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Жүргізуші бағдаршамның тыйым салған сигналына қарамастан, теміржол өткелінен өтуге тырысқаны анықталды. Жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиғаға байланысты ПД жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз