Ақтауда пойыз бен КамАЗ соқтығысты
видеодан алынды
Зардап шеккендер жоқ.
Ақтауда КамАЗ мен жүк пойызы соқтығысып, жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Зардап шеккендер жоқ. КамАЗ жүргізушісі жақындап келе жатқан жүк пойызын байқамай, салдарынан жол апаты орын алды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабына сәйкес, яғни "Адам денсаулығына зиян келтіретін, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке нұқсан келтіретін көлік құралдарының жүргізушілерінің жол ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Құжат процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданады, деп хабарлайды lada.kz облыстық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript