Атырауда төтеншеліктер бозбаланың ісіп кеткен саусағынан сақинаны кесіп алды

Төтенше жағдай Сурет: Instagram/atyrau_tjd
Атырау облыстық балалар ауруханасына саусағы ісіген 15 жасар бозбала көмек сұрап келді. Өз кезегінде дәрігерлер құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқыс оқиға 1 қаңтарға қараған түні орын алды.

Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, құтқару жұмыстарына дереу кірісті, авариялық-құтқару құралының көмегімен жасөспірімнің денсаулығына зиян келтірмей саусақтағы сақина кесіп алынды. Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызмет

Сонымен қатар төтеншеліктер саусақтың қысылып, көп жүріп қалуы оның ісінуіне, ақырында тіндердің өліп, іріңдеуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін, мұндай жағдайда саусақты кесуге тура келетінін еске салады. Сондықтан дереу көмекке жүгіну керек.

Оқыс жайт

Сурет: Instagram/atyrau_tjd

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз