Ақмола облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз іздестіріліп жатыр

Аида Таутекова, жоғалған қыз, іздеу салады, іздеу жарияланды Сурет: Zakon.kz
26 жастағы Аида Таутекованың жоғалғандығы туралы көкшетаулық әпкесі хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz

Әпкесінің айтуынша, қыз 3 қаңтар күні сағат 15:00-де үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Туыстарының сипаттауынша, қыздың бойы 165-170 см, шашы ұзын, қоңыр.

Оның үстінде қара күртеше, аяғында қара бәтіңке, сұр түсті бас киімі мен шарфы болған. Сондай-ақ қара түсті былғары сөмкесі мен мобильді телефоны болған.

Жоғалған қыз, Ақмола облысы, әздеу жарияланды

Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Аида Таутекованы көрген-білгендер болса, дереу Ақмола облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7162) 29-93-72, 8-707-255-59- 35 немесе "102".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз