Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жолдады

бас мүфти, Жаңаөзен, шеру, үндеу, сұйытылған газ бағасы Сурет: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтыы
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрқашан халықпен бірге. Алла Тағала ауызбіршілігімізді нығайтып, халқымыздың арман-тілегін орындап, елдің амандығын, бірлігін нәсіп етсін!

Қадірлі ағайын! Біз әрқашан еліміздің амандығы мен келешегі үшін барынша аянбай халқымызбен, жамағатымызбен бірге қызмет жасап келеміз. Алла осы қызметімізге береке берсін!

Әр қазақтың амандығы мен саулығы барлығымызға өте қымбат! Сондықтан елдің амандығы мен тыныштығын ойлайық! Жаратушы Алла Тағала елімізге құт-береке, ырыс-несібе дарытсын!"– делінген Бас мүфтидің мәлімдемесінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз