Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда Әбсаттар қажы Дербісәліні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

ҚМДБ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 23:19 ҚМДБ
Марқұмның жаназа намазын Әбсаттар қажының шәкірті, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оқып, қайғы жамылған әулетке сабыр тіледі.

Жұма күні - 16 шілдеде Алматы Орталық мешітінде көрнекті ғалым, академик, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2000-2013 жылдар аралығындағы Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәліні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 23:19

Марқұмның жаназа намазын Әбсаттар қажының шәкірті, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы оқып, қайғы жамылған әулетке сабыр тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 23:19

Әбсаттар қажы Бағысбайұлы еліміздің дін саласына ғана емес, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан бірегей тұлға еді. Тарихта аты қалған игі жақсыларды қайта тірілтіп, елмен қауыштырды. Қазақстан мұсылмандарының бірлігі мен білімді болуына көп күш салды. Құрбан айттың алғашқы күнінің мемлекеттік мереке ретінде қабылдануына атсалысты. Кешеден бері Әбсаттар қажының әулеті мен өзі он жылдан астам уақыт басқарған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жан-жақтан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек, алыс-жақын шетелдердегі Діни басқармалардың бас мүфтилері қайғымызға ортақтасып, көңіл айтуда. Тіпті Әбсаттар ағамыз ауруханаға түсті дегенде күллі Қазақ елі алақанын жайып, Алладан шипа тіледі. Мінеки, Хаққа да, халыққа да қызмет еткен тұлғаның қандай абыройлы, жақсы азамат болғаны осыдан-ақ белгілі. Ағамыздың отбасы мен ағайын-туысына көркем сабыр, жеңілдік тілеймін. Рухыңыз шат, барар мекеніңіз жәннат болғай!, - деді Бас мүфти.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 23:19

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2021 23:19

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: