Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жолдады
Сурет: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтыы
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрқашан халықпен бірге. Алла Тағала ауызбіршілігімізді нығайтып, халқымыздың арман-тілегін орындап, елдің амандығын, бірлігін нәсіп етсін!
Қадірлі ағайын! Біз әрқашан еліміздің амандығы мен келешегі үшін барынша аянбай халқымызбен, жамағатымызбен бірге қызмет жасап келеміз. Алла осы қызметімізге береке берсін!
Әр қазақтың амандығы мен саулығы барлығымызға өте қымбат! Сондықтан елдің амандығы мен тыныштығын ойлайық! Жаратушы Алла Тағала елімізге құт-береке, ырыс-несібе дарытсын!"– делінген Бас мүфтидің мәлімдемесінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript