Алматы, Алматы облысы және Маңғыстаудағы төтенше жағдай – пойыздар жүре ме

төтенше жағдай, пойыз, Алматы, Маңғыстау облысы, Алматы облысы Сурет: Zakon.kz
Алматы, Алматы және Маңғыстау облыстарындағы төтенше жағдайға байланысты пойыздардың жүру кестесі туралы «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Мақат және Жем стансаларында қозғалыс тоқтатылды.«Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі

ҚР ИИДМ-мен жасалған келісімге сәйкес, Алматы 1, Алматы 2, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан станцияларынан Мақат және Жем станциялары арқылы жүретін жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтады.

Сондай-ақ қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні 14 пойыздың жолаушылары діттеген жеріне жеткізілмеді. Қазіргі уақытта пойыздар торап станцияларында уақытша орналасады. Жолаушылар тамақпен, сумен қамтамасыз етілді.«Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Жол жүру құжаттарының (билеттердің) құны толық қайтарылады.

Сонымен қатар, 5 қаңтар күні таңертең 46 жүк пойызы тоқтатылды.

Пойыз қозғалысы жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін қайта жанданады. «ҚТЖ» жол жүруден бас тартуды және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Бұл шаралар жолаушылардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.«Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Елдегі жағдайға байланысты Асқар Мамин басқарған ҚР Үкіметі отставкаға кетті. Енді Премьер-Министрдің міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқаратын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз