Қазақстанда 9900 адам ұсталды – Ішкі істер министрлігі
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда 9900 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
11 қаңтардағы жағдай бойынша ішкі істер органдарына 9900 адам жеткізілді.Ішкі істер министрлігінің жедел штабы
Жедел штаб таратқан мәлімет бойынша, полиция қызметкерлері Тараз қаласында Ұлттық ұлан және арнайы жасақ әскери қызметшілермен бірлесе отырып, Макаров тапаншасын (біреу), тапаншаның оғы жоқ отсауыттары, оқ өткізбейтін желет (біреу), "TOZ 35" пневматикалық тапаншасы тәркілеген.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.Ішкі істер министрлігінің жедел штабы
Бір күн бұрын ҚР Ішкі істер министрлігінің жедел штабы республика бойынша 7939 адамның ұсталғанын хабарлаған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript