Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қылмысты кімдер жиі жасайтынын айтты

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қылмысты кімдер жиі жасайтынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 11:57 Сурет: Zakon.kz
Мегаполистерде қылмыстың 51%-ын сырттан келгендер жасайды. Бұл туралы брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі жағдай туралы Шұғыла Тұрлыбек айтты.
"Қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар, ал 33%-ы бұрын сотталғандар. Адамға қарсы қылмыстардың 50%-ы алкогольдік және есірткілік масаң күйде жасалған. Әр екінші кәмелетке толмаған қылмыскер оқымаған және жұмыс істемеген. Мегаполистердегі қылмыстың 51%-ын сырттан келгендер жасайды".Шұғыла Тұрлыбек

Оның айтуынша, қылмыс деңгейіне әлеуметтік, экономикалық, географиялық, миграциялық, табиғи, мәдени, демографиялық және басқа да факторлар әсер етеді.

6 ақпанда Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі америкалық шерифтердің тәжірибесін Қазақстан полицейлері зерттегенін хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: