Түркиядағы Қазақстан азаматтарының басым бөлігі елге оралды

Қазақстанда орын алған келеңсіз жағдай салдарынан шетелде мыңдаған отандасымыз қалып қойды. Басым бөлігі Түркияда, деп хабарлайды Zakon.kz
5 қаңтардан бері 800-ге жуығы елшілік пен Ыстамбұлдағы Бас консулдықтағы жедел штабтың арқасында аман-есен елге оралды. Бірнеше күннен бері Түркиядағы отандастарымызды сол елдегі жерлестер ыстық тамақпен, жатын орынмен қамтамасыз етті. 100 кісі ақысыз қонақүйге орналасты. 75 адам билетпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды "Хабар24" .
Бас консулдықтың мәлімдеуінше, алдағы бірнеше күнде жағдай толығымен қалпына келеді.
Бөлісу
0
Толық оқу