Блокбекетте тұрғандар үшін ақша жиналып жатқан жоқ - елорда коменданты

Әлеуметтік желі Сурет: Facebook/Ержан Саденов
Нұр-Сұлтан қалалық комендатурасы көптен қаражат жинамауға және шоттар ашпауға, блок бекеттерге ыстық тамақ алып келмеуге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы - елорда коменданты Ержан Сәденов Facebook-тегі парақшасында төтенше жағдай режимі кезінде ел тыныштығын күзетіп тұрған полицейлер мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін қаражат жинап, азық-түлік әкелудің қажеті жоқтығын жазды.

Төтенше жағдай режимі жарияланған күннен бастап полицейлер, ҚР Ұлттық ұланы мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері тәулік бойы жұмыс істеуде. Қала тұрғындары тәртіп сақшыларына азық-түлік әкелуде. Қамқорлық танытқан азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін. Қала комендатурасы барлық қызметкерлерді толық көлемде қажетті заттармен, оның ішінде 3 мезгіл ыстық тамақпен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді. Жұмыс ауысым бойынша ұйымдастырылады. Тәртіп сақшыларының денсаулық жағдайы медицина қызметкерлерінің ерекше бақылауында. Қала комендатурасы қаражат жинамауға және шоттар ашпауға, ыстық тамақ (шай және т.б.) алып келмеуге шақырады. Сондай-ақ, блокбекеттердегі қызметкерлерге көмек көрсету үшін қаржы жиналатыны жөнінде әртүрлі сипаттағы ақпараттарға сенбеңіздер, делінген Ержан Сәденовтың жазбасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз