Қазақстан теміржолы қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2020 23:10 24.kz
Мәскеу - Нұр- Сұлтан және Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-тың бірнеше қызметкеріне үй карантині белгіленген, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мәскеу - Нұр- Сұлтан және Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшқан компанияның бірнеше қызметкері ұшақта коронавируспен ауырған жолаушылар болғандықтан, оларға үй карантині белгіленген. COVID-19 бойынша тест олардың індет жұқтырмағандығын көрсеткен. Дей тұрғанмен, олар қазір үй карантинінде", - делінген хабарламада.

Компанияның дерегі бойынша, бүгінгі таңда "ҚТЖ" ҰК" АҚ-та коронавируспен ауырған ешкім жоқ.

Бүгінгі таңда кассирлер, кезекшілер және станциялардың басқа қызметкерлері де қорғаныс маскалар мен қолғаптарымен және антисептиктермен қамтамасыз етілген. Жолдағы пойыз вагондары тәулігіне 4 рет зарарсыздандырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: