Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл еліміз бойынша 22,9 млн гектар алқапқа дәнді-дақыл егу жоспарланған – Е. Қарашөкеев

Егін алқабы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 10:18 Сурет: Zakon.kz
Бүгін жаңадан сайланған Үкімет басшысы алдында сөз алған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ағымдағы жылдың көктемгі дала жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу мақсатында ҚР АШМ Үкімет басшысы алдында барлық қажетті шараларды бір пысықтап алды.

Министрлік өңірлерде көктемгі егістік жұмыстарын үйлестіру бойынша жедел штаб құрды. Агроөнеркәсіп кешені  субъектілеріне қолдау мақсатында тауар өндірушілерге «Кең дала» бағдарламасы арқылы 70 миллиард көлемінде және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ астықты форвардтық сатып алу арқылы 80 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген кредит беру көзделіп отыр. Форвардтық сатып алу осы жылдың 14 қаңтарынан басталады деп жоспарланып отыр. ҚР АШМ Ербол Қарашөкеев

Сонымен қатар АШМ субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеп қойғанын мәлімдеді. Бұл жүйе субсидия алушылар үшін тегін болмақ. Пилоттық жоба алдымен Ақмола облысында тестілеуден өтеді.

2021 жылы агротехника мен минералды тыңайтқыштардың қымбаттауы, ауа райының қолайсыздығы аграрилерге біраз қиындық туғызғаны белгілі. Осы мәселені ескерген АШМ фермерлерге қолдау мақсатында республикалық бюджетті нақтылау кезінде көктемге дала жұмыстарына берілетін көмекті ұлғайтуды сұрады. Ал ел бойынша егіс алқабының көлемі биыл артпақ.

 

Биыл өңірлерде 22, 9 млн гектар алқапқа егін егу жоспарланған, бұл былтырғы жылдан 3,5  мың гектарға көп.ҚР АШМ Ербол Қарашөкеев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: