Кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат 690 млрд теңгеден асқан

Кәдеге жарату Сурет: pixabay
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бүгінгі күнге дейін кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат көлемі 691,9 млрд теңге болғанын мәлім етті, деп хабарлайды, Zakon.kz
Кәдеге жарату төлемдеріне қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмаларын орындау үшін келесідей жұмыстар жүзеге асырылады. «Оператор РОП» ЖШС ҚР Экология кодексінің 387-бабына сәйкес 2015 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылды. 2016 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңде кәдеге жарату төлемі түрінде түскен қаражат көлемі 691,9 млрд теңгені құрады. Алынған қаражат ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмсалды. Атап айтқанда, отандық автокөлік өндірушілерге 338,9 млрд теңге мөлшерінде кәдеге жарату түріндегі бұрын төлеген қаражаттары қайтарылды. Экологиялық мәселелерді шешуге 102 млрд, салықтарға 49,1 млрд теңге жұмсалды. Бүгінгі таңда қаражат қалдығы екінші деңгейлі банктерде 220,6 млрд теңгені құрайды.ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Сонымен қатар, министр ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучерлер беру мәселесіне де тоқталды.

Бірінші – жеке мемлекеттік оператор немесе Өнеркәсіпті дамыту қорының базасында оператор құру. Екінші – кәдеге жарату коэффициенттерін қайта қарау. Үшінші – кәдеге жарату алымы есебінен отандық көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучерлер беру. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз