Қазақстанда жануарларға жасалған қатыгездік бейнеленген кадрлар үшін БАҚ жазалануы мүмкін
Сурет: pixabay
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Сенатта журналистерге жануарларға қатыгездік көрсететін бейнекадрлар мен фотосуреттерді жариялауға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Бұл талап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасында белгіленген. Бүгін сенаторлар құжатты екі оқылымда қабылдады.
Осыған орай, Сенат алаңында журналистер "жануарларға қатыгездік көрсететін жаңалықтар үшін БАҚ жазаланбай ма?" деген сауал қойды.
Бұл заң жобасы оны көздемейді. Яғни егер бұқаралық ақпарат құралдары қатыгездікпен қарау, кісі өлтіру немесе қандай да бір дене жарақатын салу туралы кадрларды дәл көрсететін болса, бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Яғни заң жобасында видеоға мөр басылып қалса, мұндай кадрларды жариялауға болмайды деген ұсыныс бар. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript