Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда популяциясын реттеу үшін қанша киік атылады

ақбөкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 12:27 Сурет: wikimedia
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Жайық киіктерінің популяциясы реттелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биотехникалық-экономикалық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу қажет екенін айтып отыр. Әңгіме Орал популяциясы туралы. Қазір оның саны 800 мыңнан сәл асып тұрса, енді оның 10%-ы, яғни 80 мың басы реттеуге жатады.Серікқали Брекешев

Бұған дейін Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесіне өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын дайындаған еді.

Ақбөкен санын реттеу ауыл шаруашылығы жануарларымен қайшылық болмас үшін қажет. Бүгінде сол Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер жайылымға ғана емес, егіс алқаптарына да кіріп жатыр. Бұл – белгілі мәселе, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәжіліс алаңында.

Сонымен қатар министрдің сөзінше, ғылыми зерттеулерге 500 бас киік ауланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: