Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада «омикрон штамм» анықталып, оқушылар онлайн оқуға көшкелі жатыр

Қашықтықтан білім алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 19:45 Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қала билігі мектеп оқушыларын қаңтар айының соңына дейін онлайн оқуға көшіру туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Елордада "омикрон» штаммның айналымда жүргені анықталды. Қалада КВИ ауруының өсімі байқалады... Бүгіннен бастап өзім қол қойған қаулыға сәйкес, оқушыларды 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін және колледждер мен университеттердің студенттерін 2022 жылғы 6 ақпанға дейін білім алудың онлайн-форматына көшіру ұсынылады.Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова

Елордалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова өз кезегінде қалада балалар арасында КВИ жұқтыру деңгейі жоғары екенін мәлімдеді.

Оқушылар - бұл тұтасқан ұжым, егер олар мектепке баратын болса, онда осы санаттағы науқастар саны көбейеді. Осыған байланысты балаларымызды ықтимал инфекциядан және сырқаттанудың артуынан қорғау үшін онлайн-форматта оқуға көшу туралы шешім қабылданды.Әлия Рүстемова

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі еліміздегі оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылатынын хабарлаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: