Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 20:42 Сурет: zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысына көңілі толатынын айтып, ҰҚШҰ бойынша одақтастарына террористік акті кезінде қолдағаны және Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Бас хатшысының жеке өзінің және Хатшылықтың барлық қызметкері мен ҰҚШҰ-ның Біріккен штабының еліміздегі бітімгерлік миссиясын ұйымдастыру жөніндегі күш-жігеріне қосқан үлесін атап өтті.

Аталған жағдай Ұйымның әскери-саяси құрылым ретіндегі маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазір Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы туралы халықаралық қоғамдастықта әңгіме болып жатыр деп ойлаймын. Ұйымның тиімділігі қазіргі жағдайда мейлінше айқын көрінді. Сондықтан келешекте ҰҚШҰ өзін пайдалы құрылым ретінде танытады деп пайымдаймын. Хатшылық өзге халықаралық ұйымдардың басшылығымен арадағы ықпалдастықты жолға қоюы керек деп ойлаймын. Бұл өте пайдалы болады.  ҰҚШҰ Бас хатшысының Бітімгерлік операциялар жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру да өте дұрыс болады деп санаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев

ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясының орындалу барысы, оның ішінде Қазақстан Президенті белгілеген мерзім ішінде Ұйымға мүше мемлекеттер контингенттерін елімізден шығаруға дайын екені туралы ақпарат берді.

Станислав Зась та Қазақстан Президенті ұсынған ҰҚШҰ Бас хатшысының  бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру жөніндегі бастаманы жүзеге асырудың уақтылы әрі маңызды екенін құптады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: