Асадов Смайыловты Әзербайжанға келуге шақырды

Құттықтау Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Асадов Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп жазады primeministr.kz.

Асадов деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ еліміз үшін осы қиын сәтте Қазақстан халқына деген қолдауын білдірді.

Әзербайжан – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог және екіжақты қарым-қатынастардың кең саласы бойынша жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ниеттіміз. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов

Асадов Смайыловты өзіне қолайлы уақытта Әзербайжанға келуге шақырды.

Әзербайжан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 261 млн долларды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір артық. Биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз