Алматыда карантиндік режим күшейтілді

Карантин, карантин режимі, коронавирус Сурет: Zakon.kz
Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова" Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі шаралар" туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаулыға сәйкес алматылықтар мына талаптарды қатаң сақтауы қажет:

  1. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде 30-ға адамға дейін еске алуды қоспағанда, ашық ауада да, үй-жайлардың ішінде де бұқаралык іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) өткізуге және қатысуға тыйым салынады;

  2. Қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда жане ашық ауада спортпен шұғылданған кезде) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану;

ПТР-зерттеудің оң нәтижесін алған кезде ("қызыл" мәртебе) және науқаспен жақын байланыста болған кезде ("сары" мәртебе) 14 күн ішінде өзін өзі оқшаулау режимін сақтау.

Сонымен қатар Қаулыда спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтарға, йога орталықтарына, моншаларға, сауналарға, бассейндерге 2022 жылғы 15 каңтардан бастап «Ashyq»-тa «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етілген.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан тыйым салынады:

  • концерт залдарының, театрлардың, цирктердің қызметіне;

  • діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар (намаз, діни жоралар және т.б.) өткізуге;

  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • түнгі клубтардың жұмысына;

  • ән айту жане би бойынша қызметтерді ұсынатын караоке қызметі (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

  • жеке кездесулер өткізуге (вакцинацияланған 10 адамға дейінгіні қоспағанда).

    Алматының бас санитарлық дәрігері:

    • қызметкерлерде COVID-19-ғa қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізілуіне қарамастан, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерін қоспағанда мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70% қашықтан жұмыс нысанына көшіруді;

    меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде (мектептерде) оқытуды қашықтан оқыту форматында ұйымдастыру;

  • барлық курс студенттері үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің жұмысын ұйымдастыруды оқытудың аралас форматында қамтамасыз ету: барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді график бойынша штаттық форматта. Вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған вакцинацияланған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі;

  • қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар шеңберінде штаттық режимде, топтық сабақтар (10 адамға дейін), балалар мен ересектерге арналған түзету орталықтарында жеке және топтық сабақтар штаттық режимде 10 адамға дейін жүргізіледі.

    Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарды "Комирнати"("Пфайзер") вакцинасымен ревакцинациялауды; қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация және ревакцинация жүргізуді жандандыруды қамтамасыз етсін.

    Қаулы 14 қаңтар күні күшіне енді.

    Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз