Түркістан облысында карантин мерзімі ұзартылды

Жаңа қаулы Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының бас мемлекеттік дәрігері өңірде карантин шараларына қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Карантин режимі мен шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады.

Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, бетперде тағу сынды талаптар сақталады.

Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс режимі:

  • облыс "қызыл" аймаққа өткен жағдайда – сағат 00:00 дейін. Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 02: 00 дейін;

  • облыс "сары" аймаққа өткен жағдайда – сағат 01:00 дейін. Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 03:00 дейін;

  • облыс "жасыл" аймаққа оралған жағдайда – сағат 03:00 дейін. Ashyq жобасының көшбасшылары үшін сағат 05:00 дейін.

Демалыс күндері қызметкерлері мен тұтынушылары "жасыл" қауіпсіз мәртебеге ие болған жағдайда (вакциналау, сынама алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын, КВИ-ды теріске шығаратын ПТР-тест анықтамасының болуы, КВИ-ға қарсы вакцинаға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімінің болуы немесе соңғы үш ай ішінде КВИ-мен ауырып, жазылған адамдар) объектілердің жұмысына жол беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз