Қарағанды облысында карантин мерзімі ұзартылды
Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу, бетпердені міндетті түрде тағу, әлеуметтік қашықтықтық сақтау талаптары әлі де сақталады.
Жұмысшылары мен тұтынушылары "жасыл" мәртебесіне ие болған жағдайда Аѕһуq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандардың қызметін шектеу алғышарттары ұсынылды:
Салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге тыйым салынады, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін ас беру шараларын өткізуді қоспағанда,
Көрермендердің қатысуымен болатын спорттық іс-шаралар - сыйымдылығы 50%-дан аспаған кезде.
Караоке - ән айтып, би билеу қызметтерінсіз, тек қоғамдық тамақтану бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда.
Кинотеатрлар – сыйымдылығы 30%-дан аспайтын жағдайда.
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтар, йога орталықтары - сыйымдылығы 20%-дан аспайтын жағдайда.
PlayStation-клубтарды қоса алғанда, компьютерлік клубтар - сыйымдылығы 50%-дан аспаған кезде.
Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің алғышарттары:
Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), мейрамхана, кафе және кофеханалар типтес орындар – сыйымдылығы 50%-ға дейін, 50 орыннан артық емес, бар түріндегі орынға қызмет көрсету тыйым салынады және бір үстелге төрт адамнан артық отырғызылуға болмайды.
Банкет залдары – сыйымдылығы 30%-дан аспайтын, бір адамға кемінде төрт шаршы метр, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде.
Банкет залдары (мейрамханалар мен дәмханалар типтес орындар) – сыйымдылығы 50%-ға дейін, 50 орынға дейін.
Қаулы мәтінімен толық мына жерден танысуға болады.