БҚО-да карантин шаралары қатаңдатылады

Жаңа қаулы Сурет: Zakon.kz
Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхаметқали Арыспаев 14 қаңтарда "Батыс Қазақстан облысының аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңір аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізіледі.

Атап айтқанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, еске алу іс-шаралары, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және Ashyq жобасына 30 адамға дейін қатысатын объектілерде ас беру шарасын қоспағанда, ашық ауада да, адамдар көп жиналатын үй-жайларда да өзге іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға қатаң тыйым салынады;

Ashyq жобасына қатысуына қарамастан мына нысандардың жұмысына тыйым салынады:

  • концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың;

  • діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізуіне;

  • конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • түнгі клубтардың қызметіне;

  • бар сипатындағы қоғамдық тамақтану орындарына, ән айту және би билеу қызметтерін ұсынатын, мысалы караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда).

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдег адам саны 4 адамға дейін, сондай-ақ кинотеатрлар (Ashyq жобасына қатысушылар) сыйымдылығы 30% деңгейінде көрермендер қабылдау алады.

қоғамдық орындарда және ашық ауада, халықтың демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөлікте медициналық немесе мата бетпердені тағу, бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарында, сондай-ақ ашық ауада 5 (бес) адамнан аспайтын топ болып спортпен шұғылдануда әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті болып табылады.

600-ге дейін оқушысы бар облыс орталықтарының, аудан орталықтарының мектептерінде білім беруге рұқсат етіледі ( штаттық режимде оқыту).

Білім алушылар саны 600-ден асатын мектептерде қашықтықтан оқыту форматы енгізіледі, ал ауылдық мектептерде оқыту штаттық форматта жүргізіледі.

Атап айтқанда, 1-2 сыныптар – оқытудың штаттық форматы, 3-5 сыныптар үшін кезекші сыныптар (қашықтықтан оқыту форматы бар жерде) ұйымдастырылады.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінде оқытудың аралас форматы енгізіледі: барлық дәрістер онлайн, икемді кесте бойынша: тәжірибелік, зертханалық, семинарлық сабақтар штаттық режимде жүргізіледі.

Вакцина алған оқушылар мен толық вакциналау курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға жол беріледі.

Қосымша білім беру ұйымдарында оқыту: жеке сабақтар штаттық режимде, топтық сабақтар – 10 адамға дейін, балалар/ересектер үшін түзету орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін штаттық режимде жүргізіледі.

Білім беру орындары қызметкерлерінің кемінде 70% -ы, вакцина алғаны немесе қайта вакциналаудан өткеніне қарамастан қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылады.

Толығырақ мына жерден көре аласыздар.

Құжат 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз