Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтілді

Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 20:18 Сурет: Zakon.kz
Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Байділдә Шынәлиев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші кезекте құжатта білім беру жүйесі қамтылады.

Білім беру:

1) мектепке дейінгі ұйымдарда – ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда);

2)жалпы білім беретін мектептерде ("қызыл" аймақ):

- бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептердегі 1-6 сыныптар) – штаттық форматта;

– 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда жалпы білім беретін мектептерде - штаттық форматта;

- 600-ден астам оқушылар оқитын жалпы білім беретін мектептерде – мектептің жобалық қуатының 50%-ынан аспайтын жүктеме бойынша;

3) мектептен тыс ұйымдарда ("қызыл", "сары", "жасыл" аймақтарда) штаттық форматта жүзеге асырылады;

4) жоғары оқу орындары мен колледждерде ("қызыл аймақ") – аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн.

Вакциналаудың толық курсын алған оқушыларды штаттық форматта оқытуға жол беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: