Қолайсыз ауа райына байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын төрт бағыттағы жол жабылды

Төтеншеліктер ескертуі Сурет: Zakon.kz
Айналаның нашар көрінуіне байланысты елордадан Қарағанды, Көкшетау, Қостанай және Павлодар бағыттарына шығатын жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz

Елордалық комендатура тұрғындардан аталған бағыттарды айналып өтетін жолдарды қарастырмауды сұрайды, өйткені олардың барлығын қалың қар басқан, жол жүрісіне қауіпті.

Сондай-ақ, құзырлы ведомство елордалықтардан қалалық магистральдар бойынша өздерінің жүрісін алдын ала зерделеп алуға, аяқ-асты жол бағытын өзгертуден және тежегішті қатты басудан аулақ болуды, жылдамдық режимі мен арадағы қашықтықты сақтауды сұрайды.

Жаяу жүргіншілерге де сақ болуды және көлік жүретін жолдардан тек арнайы белгі бар аумақтан ғана өтуді сұраймыз.Нұр-Сұлтан комендатурасының баспасөз қызметі

Елордада таңертеңнен бастап 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмектесіп, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.

Қалалық комендатура коменданттық сағаттың белгіленген режимін бұзбауға шақырады және кез келген заңсыз әрекеттердің алдын алатындығын еске салады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз