Еліміздің төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды
![Жол қауіпсіздігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 19:15](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-5038f650-0658-495b-ac6c-a26c4c17e234/800x450.webp)
1. Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді;
2. Ақмола облысында Щучье-Зеренді тасжолы және Атбасар қаласы мен Қажымұқан кентінің арасы жабық.
3. Шығыс Қазақстан облысында "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында жол қозғалысына шектеу енгізілді.
4. Қарағанды облысында "Екатеринбург-Алматы" тасжолының Жұмабек ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.
Синоптиктер 3 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтілетінін болжам, ескерту жасағанын хабарлаған болатынбыз.