Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласы ПД басшысы бейбіт шерудің терактіге қалай ұласқанын айтты

Алматыдағы шеру, бейбіт шеру, террорлық шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2022 20:42 Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы, комендант Қанат Таймерденов тәртіпсіздіктер мен терактінің хронологиясын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz

3 қаңтарда қалада Батыс Қазақстандағы шеруді қолдау мақсатында заңсыз шерулер басталды. Алматы полициясы басшысының айтуынша, ол кезде қаланың әр жерінде 2 мыңға дейін адам жиналғанымен, өрескел заңбұзушылық тіркелмеген.

Қаңтардың 4-і күні «Алматы Арена» мұз сарайының жанына 2 мыңға жуық наразылық білдіруші жиналған. Осы кезде заңсыз әрекеттер басталып, шеруге қатысушылар Шығыс айналма жолының бойында көлік қозғалысын жауып тастаған. Қаланың әр түкпірінде жиналғандардың жалпы саны 5 мың адамға жеткен.

Полиция қызметкерлері бейбіт жиындар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етудің бұрын әзірленген алгоритмі бойынша жұмыс істеді және қарусыз болды.Алматы қаласы ПД бастығы Қанат Таймерденов

Дабыл бойынша гарнизонның барлық жеке құрамы жиналып, арнайы жедел жоспар күшіне енген. Полиция стратегиялық нысандардың күзетін күшейтіп, әр жерге полиция мен Ұлттық ұланның қосымша бөлімшелері орналастырылған.

Алматы қалалық полиция департаменті басшысының айтуынша, лаңкестер қаланың әр жеріндегі патрульдік бөлімшелерге бір уақытта шабуыл жасай бастаған. Олардың әрекеттері алдын ала ұйымдастырылған, топ жетекшілері бақылап отырған.

Алматы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: