Содырлар Алматы полициясын 27 рет басып алуға әрекеттенген

Алматыдағы шеру, бейбіт шеру, содыр, терракт, террорист Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов «Хабар 24» телеарнасында сөйлеген сөзінде полиция ғимараттарына жасалған қарулы шабуылдың жай-жапсары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қанат Таймерденов Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Оның айтуынша, содырлар қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні қалалық полиция департаменттерін, оның Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелері мен жергілікті полиция қызметінің ғимаратын басып алмақ болған.

Өзім Полиция департаментінде болдым, ғимаратымызды басып алуға 27 рет әрекеттенгендерін санадық. Бұл техника мен арнайы тактиканы қолдану арқылы жасалған нағыз шабуылдар болды. Қабырғаларды құлатуға джиптер мен КамАЗ көліктері қолданылды. Шабуылдарды қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген кәсіби дайындықтан өткен адамдар жасады. Оған қоса олар мерт болғандар мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті.Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов

Сондай-ақ Полиция департаментінің басшысы осы күндер аралығында мәйітханаға жеті рет шабуыл жасалғанын, белгісіз біреулер қайтыс болған 41 адамның денесін ұрлап кеткенін айтты. ДП ғимаратына таң атқанша шабуыл жасалған, лаңкестер қатарында мергендер болған, олар жақын маңдағы ғимараттардың төбесінен полицейлерге оқ жаудырған.

Сол кезде полицейлердің жан аямай қорғанғанын айта кету керек. Солардың ерлігі мен батылдығының арқасында ғимараттар басып алынбады.Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов

Сонымен қатар Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы қарулы қылмыскерлер қала көшелерінде бей-берекет оқ жаудырып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар мен көліктерін беруден бас тартқан жүргізушілерді мерт қылғанын айтты. Сөйтіп, 6 қаңтарда көлігін қарақшыларға бермей қойған режиссер Сәкен Битаев өлтірілді.

Дәл сол күні кешкі он жарымдар шамасында Алматы қаласы әкімдігінің маңында әкім Бақытжан Сағынтаевқа ілесіп келе жатқан кортежге оқ атылды. Оқиға салдарынан «Алматы» телеарнасының қызметкері қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз