Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы учаскесінің шекті мөлшері туралы қаулы бес жылға тоқтатылды

Жер көлемі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 13:07 Сурет: primerminister.kz.
Қазақстан Үкіметі шаруалар немесе фермерлердің жеке меншігінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін бекітетін 2003 жылғы қаулының қолданылуын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz

"Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы азаматының, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының және оның үлестес тұлғаларының жеке меншік құқығында болуы мүмкін республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 22 қазандағы №1071 қаулысының күші 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын", – делінген құжатта.

Қаулы 2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл шектеулер 2003 жылы "латифундистерге" қарсы күрес ретінде енгізілген.

Мысалы, Алматы облысында:

Қарасай ауданында жеке тұлғалар үшін шекті мөлшері 800 га және заңды тұлғалар үшін 8 мың га болды;

Талғар ауданында-жеке тұлғалар үшін 2100 га және заңды тұлғалар үшін 21 мың га.

Ақмола облысында:

Шортанды ауданында – 1 мың га жеке тұлғалар үшін және 35 мың га заңды тұлғалар үшін;

Целиноград ауданында – жеке тұлғалар үшін 7,5 мың га және заңды тұлғалар үшін 40 мың га.

Енді 2026 жылдың соңына дейін ешқандай шектеулер жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: