Жамбыл облысының мамандандырылған ХҚО-лары қайта жұмыс істей бастады
Сондай-ақ бүгін Алматы облысының автоХҚО-лары іске қосылған болатын.
Осылайша, Қазақстанда барлық мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы толық қалпына келтірілді.
Қаңтар айының басында төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстанның барлық мамандандырылған ХҚО-ларының жұмысы уақытша тоқтатылған болатын.
12 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарын қоспағанда, автоХҚО-лар өз жұмысын қайта бастады.
14 қаңтарда Алматы қаласының мамандандырылған ХҚО-сы жұмыс істей бастады.
17 қаңтардан бастап Алматы және Жамбыл облыстарының мамандандырылған ХҚО-ларының жұмысы қайта жанданды.
ҚР барлық мамандандырылған бөлімнің жұмыс кестесі – 9:00-ден 18:00-ге дейін (Жамбыл облысында 17.00-ге дейін) (дүйсенбі – жұма). Сенбі және жексенбі – демалыс.
Автомобильді тіркеу және қайта тіркеу бойынша қызметті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы рәсімдеуге болатынын ескертеміз. Мемлекеттік қызметтер бойынша барлық қажетті ақпаратты 1414 нөмірі және Instagram және Facebook-тегі ресми @gov4c.kz бренд беттерінен алуға болады."Азаматтарға арналған үкімет" МК баспасөз қызметі
Сондай-ақ клиенттерге ХҚО бөлімдеріне барған кезде санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертілді.