Жаңалықтар тізбегі
0

Адамдар өз жақындарының тағдыры туралы білуге құқылы – омбудсмен

Мониторинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 23:32 Сурет: Facebook/ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қазақстандықтардан билік өкілдерінің заңдылықты сақтауына әрі әрекетін әділ жүргізуіне ат салысуды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өкінішке қарай, уақытша ұстау изольяторында болып, қамаудағылармен арада болған әңгімеден түйгеніміз, ұрлық пен мүлікке зиян келтірген күдіктілердің көбісі өзінің заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік барын, оны түсінбейтінін көрсетті. Қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндері ұсталғандардың арасында төтенше жағдай енгізілгені туралы бірнеше ескертулерге қарамастан заңға немқұрайлы қарап, өз өмірлеріне қауіпке тіккен қарапайым азаматтар да болды. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова

Ол 13-15 қаңтар аралығында мониторингтік топ 11 өңірдегі полиция органдары мен ҰҚК-нің 34 мекемесінде болғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарының мекемелеріне мониторингпен бару жоспарланып отыр.

Біз осы мекемелерде болу барысында ұстау кезінде және арнайы мекемелерде болғанда қатыгездікке ұшырау бойынша 18 арыз алып үлгердік, оның ішінде сегіз өтініш Ақмола облысына, бесеуі Атырау облысына, үшеуі Нұр-Сұлтан қаласына және бір-бірден Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына тиесілі. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова

Әзімова қатыгездік танытуға байланысты барлық жан айқайға прокуратураның назар аударып, арнайы тексеру жүргізуді, оларға құқықтық баға беруді және оның нәтижелерін жариялауды сұрайды.

Сондай-ақ омбудсмен медициналық қызметкерлердің қатысуымен денедегі жарақаттарының барлық іздерін тіркеп, барынша құжатты айғақ жинау керектігін атап өтті.

Тәуелсіз қоғамдық ұйым өкілдері мен азаматтық мамандар бұл мекемелерге кедергісіз кіргізіліп және сот процестеріне қоғамдық қорғаушы ретінде жіберілуі тиіс. Журналистер бұл процестерді жария етуге құқылы, онда да заң аясында шынайы, бейтарап тұрғыда. Бұл ретте біздің ешқайсымыз сот төрелігі процесіне араласпауымыз керек. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова

Барлық фактілер Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігіне және олардың аумақтық бөлімшелеріне өткізіліп беріледі.

Әлеуметтік желіде жоғалған азаматтар туралы хабарламалар да жүр. Әзімованың айтуынша, олардың қатарында қаңтар оқиғалары кезінде медициналық мекемелерге түскендер, ұсталғандардың арасында болғандар да бар.

Омбудсмен техникалық себептерге байланысты жеке тұлғаларды тексеруге көп уақыт кеткенін атап өтті. Бірақ ол бұл мәселеде қандай да бір алып-қашпа сөздерге жол беруге мүлде болмайды деп санайды, сондықтан "адамдар өз жақындарының тағдыры туралы білуге құқылы".

Біздің әрқайсымыз заңдылықты қалпына келтіруге көмектесуіміз керек. Өздеріңіздің өтініштеріңіз бен секем бойынша түсірген арыздарыңыз болашақтағы заң бұзушылықтар мен заңсыздықтардың алдын алуға қосқан үлесіңіз болып табылады. Заңды және басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеу жеке қорғаныстың кепілі болып табылады. Біз әділетсіз айыптаулар мен сыннан аулақ болуымыз керек. Біз барлық күш-жігерімізді біріктіріп, сындарлы арнаға бағыттауымыз керек. Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: