Жаңалықтар тізбегі
0

Антимонополистер "Яндекс.Таксиді" тексермекші

яндекс такси, Жүманғарин, баға , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2022 11:30 Сурет: pixabay
Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин "Яндекс.Такси" агрегаторына қатысты тергеу тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сенім телефоны арқылы түскен арыз-шағымдар аясында агенттік "Яндекс. Такси" агрегаторына экономикалық келісу белгілері бойынша тексеру жүргізуді тапсырды. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин

Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарықтарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және бөлшек сауда желілерімен бағаны ұстау және 10%-ға дейін сауда үстемесін белгілеу бөлігінде 189 монополияға қарсы сәйкестік актісі жасалғанын айтты.

Күн сайын 5 қаңтардан бастап өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позицияларына баға мониторингі жүргізілуде. Бәсекелестікке қарсы келісілген әрекет және үстемдікті теріс пайдалану белгілері бойынша сегіз тергеу жүргізілуде. Оның ішінде тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты 6, қантқа 1, тауық етіне қатысты 1 тергеу жүргізілді. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин

Оның айтуынша, бүгінгі күні Агенттіктің сенім телефонына 2 мыңнан астам қоңырау түскен, олардың көпшілігі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарынан. Шағымның 70%-ы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның асып кетуі фактілері бойынша түскен.

Көп жағдайда тауарлардың бағасын бөлшек саудагерлер, атап айтқанда, 15% сауда үстемесіне сәйкес келмейтін «үйдін қасындағы дүкендер» өсіреді. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

Осы орайда ол жергілікті әкімдіктердің сауданы бақылау-қадағалау функцияларын күшейту қажеттігін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: