Серік Жұманғарин мұнай бағасын мемлекеттік реттеуді заңды түрде бекітуді ұсынды
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин парламент мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде мұнай бағасын мемлекеттік реттеуді заңды түрде бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Біз бірлесіп нарықтың жаңа схемасын әзірледік. Мұнай бағасын мемлекеттік реттеуді енгізу ұсынылды, яғни ол қазір де-факто бар, біз оны де-юре енгізуді және оның ішкі нарыққа жеткізілім көлемін, бұл баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин
Бұл ретте ол мұнай жеткізу жоспарына ірі кен орындарын (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) енгізу және ел нарығына мұнай жеткізудегі CNPC үлесін арттыру мәселесін қарастыруды ұсынып отыр.
Тәуелсіз компаниялар өндіретін мұнайды биржада сату мүмкіндігін (пилоттық режимде 5-10%) және жанар-жағармайдың (30%) саудасын ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет, бұл шағын және тәуелсіз мүнай компанияларын дамытуға мүмкіндік береді. Баға теңгерімсіздігі қаупін азайту үшін өңдеуге мұнай жеткізудің ең төменгі көлемін (100 мың тоннадан) белгілеу арқылы мұнай жеткізушілерін біріктіру мәселесін қарау ұсынылады. Зауыттың мұнай өңдеуші қызметін атқару мүмкіндігі қарастырылуда. Қазір делдалдық байланыс бар – бұл мұнайды сатып алып, одан әрі жеткізетін компаниялар, мәселенің мәні де осында.Серік Жұманғарин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript