Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр
Сурет: Zakon.kz
19 қаңтардан бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматыда 19 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап төтенше жағдай мен коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істейді.Алматы әуежайының баспасөз қызметі
Алматы халықаралық әуежайы 2022 жылдың 13 қаңтарында сағат 00:00-де жұмысын қайта жандандырды. Алматы қаласында коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты, әуежай 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеді. Ішкі рейстер де, халықаралық рейстер де орындалып келді. Қауіпсіздік мақсатында терминалға тек жолаушылар ғана кіре алған еді.
Тақырып бойынша оқи отырыңыз
5 қаңтарда Алматы әуежайында шабуыл болды. Әуежай мен бес ұшақтың басып алынғанын президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Кейін әуежайдың босатылғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript