Мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 094 теңге болды

Бюджет Фото: Zakon.kz
2021 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 310,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 81,3 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды Zakon.kz

2021 жылдың желтоқсан айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 7,4 млрд теңге жұмсалды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 529,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 168,3 мың адамды құрайды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 094 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 836 теңгені құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз